Шымкент қаласының прокуратурасында алқа мәжілісі өтті

Шымкент қалалық прокуратурасында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары басшыларының қатысуымен есірткі мен психотропты заттардың заңсыз айналымымен күрес және жер заңнамасының сақталуы бойынша алқа мәжілісі өтті.

Отырыста қалалық полиция қызметкерлері өздерінің статистикалық көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен 232 істі ойдан тіркеп, есептік мерзім аяқталғаннан кейін істерді қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты қысқартқаны айтылды.
171 қылмыстық іс бойынша айғақ заттарды тәркілеу, тіркеу, сақтау, беру мен оларды жою туралы ереженің талаптарын бұза отырып жойылуға жататын есірткі заттарының заңсыз сақталған. Тек қала прокуратурасының тікелей араласуымен Полиция департаменті сақтауда тұрған 13 кг. есірткі заттарын жойды.
Сонымен бірге мәжілістежергілікті атқарушы органдар тарапынан жер заңнамасының сақталуы талқыланды. 2018 жылы қала бойынша 1843 (13,5 мың га.), ал 2019 жылы 2524 игерілмеген жер телімі анықталғаны(14,5 мың га.) аталды.

Бүгінгі таңда құны 2,7 млрд. теңге, көлемі 616 гектар тұратын 468 жертелімі (419 — кәсіпкерлік, 49 — ауыл шаруашылық мақсатында) мемлекет пайдасына қайтарылды. Прокуратураның араласуынан кейін жалпы құны 2,4 млрд. теңге болатын, көлемі 6 мың гектардықұрайтын 628 жер телімінің игерілуі басталды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен заңсыздықты жоюға бағытталған бірқатар іс-шаларар қабылданды.