ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУДЕ

«Шымкентке келген сапарында Елбасы «Шымкент Орта Азияның экономикалық және мәдени орталығы болуы тиіс. Мұнда экономиканың перспективалы салалары бар.

Мысалы азық-түлік, тоқыма кластері, құрылыс материалдары, фармацевтика салалары. Туризмді де дамыту қажет. Шымкент қонақтар үшін жайлы әрі тартымды мегаполиске айналуы тиіс» деген еді.

Біз осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейміз. Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды. Биыл ЮНЕСКО-мен бекітілген Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы да атап өтіледі».- деді Мұрат Әйтенов есеп беру жиынында.