Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс кестесі

Бұл туралы шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдады.

Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Сенбі демалыс.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 17.30-ға дейін брондау қажет.
ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.