Шымкент қаласының бюджеті 342 млрд теңгеге жетті

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов бұл жөнінде мәслихаттың кезекті 58 сессиясында мәлімдеді. Қазына қаржысы 342 млрд теңгеден асып түскен. Шымкент қаласы мəслихатының депутаты Бегайдар Төлегеновтың төрағалығымен өткен жиында қала əкімі Ерлан Айтаханов 2020 жылдың бюджеті мен ТМД елдерінің мəдени астанасы — Шымкент қаласында өтетін негізгі мəдени іс-шараларға тоқталды.

Қалалық мəслихаттың VI шақырылымдағы депутаттары, бұған қоса, сессия отырысында түрлі сала бойынша 20 мəселені дауысқа салды. Халық қалаулылары қараған мəселелер қатарында Шымкент қаласының 2020-2022 жылдарға арнаған бюджеті бар. Сондай-ақ, қаланың 2050 жылға арналған даму стратегиясын бекіту, əкімшілік-аумақтықтарға атау беру жəне қайта атау ұсыныстары мен қоғамдық көлікке қатысты тақырыптар қамтылды.

Сессия отырысы соңында ҚР мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мəслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен Шымкент қаласының əкімі Е.Айтаханов, ардагер депутаттар Р.Пак, О.Ешібетов, И.Рысбай, Н.Жарболов жəне басқа да сала үздіктері мен қалалық мəслихаттың депутаттары марапатталды.