Шымкент қаласының аумағын абаттандыру мәселелері талқыланды

Бүгін Шымкентте «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараевтың қатысуымен партия фракциясының кезекті отырысы  өтті.

Фракция отырысында  Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы көптеген мәселелер айтылды. Сондай-ақ, депутаттар бірқатар мәселелерге тоқталып, қаламыздың көркеюі бағытында қандай ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын талқылады.

Отырыста сөз алған қалалық мәслихат депутаты  Хусанхан Ахматханов Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам, Исфиджаб, Қызыл су тұрғын алаптарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаржы бөлініп, 2021-2015 жылдарға арналған өңіріміздің даму бағдарламасына енгізу туралы ұсынысын жеткізді.

Жиналыс соңында қаланың аумағын абаттандыру бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды нақтыланды.