Шымкент қаласында жаңа нысандағы базарлар пайда болады

Үшінші мегаполис ретінде Шымкент шаһарында жаңа нысандағы базарлар пайда болады.

Бүгін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Шымкент қаласы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Т. Олжатай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ОҚО филиалының өкілі А.Бейсебекова және Департамент мамандарының қатысуымен Шымкент қаласы аумағында орналасқан сауда базарлары мен сауда орталықтарының директорлары мен өкілдеріне арналған  дөңгелек-үстел өтті. Кездесудің күн тәртібінде төрт мәселе талқыланып, қаралды.

Атап айтсақ:

Бірінші — қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті салық төлеушілерге онлайн БКМ енгізу;

Екінші — Астана қаласындағы «Шапағат» коммуналды базары үлгісінде пилоттық жобаны, Шымкент қаласы аумағында орналасқан сауда базарларына енгізу;

Үшінші — жергілікті кіріс көздерін көбейту мәселесі.

Төртінші — базарлар мен сауда үйлерінде қызмет атқаратын кәсіпкерлердің бюджетке төлейтін міндетті төлемдері туралы.

Басқосуды Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрпейіс Құлымбетов алғы сөзбен ашып, Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында, салық және кеден саласында да автоматтандыру арқылы жүйелі өзгерістер жүзеге асып жатқандығын баяндады.

Әрі қарай, Департаменттің Мемлекеттік қымет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы З.Файзуллаев салық төлеушілерге Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану (ДБФ БКМ) және қызметі ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын салық төлеушілер,  қосымша кіріс көздерін арттыру мәселесі, Астана қаласындағы «Шапағат» базары үлгісінде пилоттық жобасы бойынша түсіндіріп өтті.

Салық заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті қызмет түріне қосымша 17 жекелеген қызмет түрі қосылған. Осыған орай, заңнамада көрсетілген қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер алдағы уақытта деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын орнатуға міндеттеледі.

Ал, Астана қаласындағы «Шапағат» базары үлгісінде Шымкент қаласында коммуналды базар ашу базар әкімшілігі тарапынан тиісті телекоммукалдық байланыспен қамтамасыз ету, арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге БКМ, посттерминалдарды алдырту және оны қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, базар аумағында «Салық төлеушінің кабинетін» ашу, салықтық есептілікті қалыптастыру және тапсыру бойынша салық заңнамасынан кеңес беру және т.б жұмыстарды жүргізуді талап етеді.

Шымкент қаласының базарларында бұл міндеттерді орындау, салықтық түсімдерді арттырып, көлеңкелі экономикамен белсенді күреседі. Оның ішінде, салықтық есептілікті тапсырмау фактілерін азайтады, салықтарды уақытылы төлеуді қамтамасыз етеді, жұмыс орнында отырып, «Салық төлеушінің кабинетіне» қолжетімді болады, салық заңнамасындағы өзгерістермен дер кезінде хабардар бола отырып, салық төлеушілердің салықтық мәдениетін көтереді.

Дөңгелек үстел барысында Департамент басшылығы тарапынан, Шымкент қаласы әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің назарына жеткізе отырып, сауда орталықтары мен сауда базарларының директорларына бірқатар ұсыныстар енгізілді. Атап айтқанда:

—        Сауда базарлары мен сауда орталықтарында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер назарына заңнамадағы өзгерістерді жеткізу үшін радиорубкалар арқылы хабарламаларды күніне бірнеше рет тарату.

—        Келісім шарт жасау кезінде міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігін растайтын құжатын талап ету.

—        Айналысатын қызмет түріне қарай ДБФ бар БКМ немесе постерминалдарын талап ету.

Сонымен қатар, Департаменттің акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Серік Қырықбаев акцизделетін тауарлардың айналымы барысында жасалатын заң бұзушылықтар туралы баяндама жасай келе, ҚР «Этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу» Заңының талаптарын қатаң сақтауды, тиісті лицензиясыз алкоголь өнімін саудалап, өздерін әкімшілік жауапкершілікке тартпауды ескертті.

Департамент құрылымында жаңадан пайда болған Экспорттық бақылау басқармасының басшысы Қанат Алпысов салық төлеушілерді Еуразиялық экономикалық елдерінен  әкелінетін тауарларды әкімшілендіру бойынша, оның ішінде сауда орындарында жұмыс жасап жатқан Қырғызстан Республикасының азаматтары туралы және табиғи теріден жасалатын бұйымдарды таңбалау бойынша баяндады.

Жиын соңында қатысушылар арасында туындаған сұрақтар бойынша қызу пікір-талас орын алып, барлық сұрақтарға ұйымдастырушылар тарапынан тұжырымды жауаптар берілді.

28 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *