Шымкент қаласында жаңа мемлекеттік органдардар құрылды

Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы брифинг берді.

Брифинг барысында Шымкент қаласында жаңадан құрылған мемлекеттік органдар туралы сұрақтар талқыланды.

Әли Амантайұлының сөзі бойынша,  2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сәйкес, Шымкент қаласында    29 жергілікті мемлекеттік органдардағы (1 – Шымкент қаласы әкімі аппараты, 4 – аудан әкімдері аппараттары, 22 – жергілікті басқармалар, 1 – Шымкент қалалық мәслихаты, 1 – Шымкент қалалық тексеру комиссиясы) мемлекеттік қызметшілердің штат саны 758 құрайды. Алдын бұл көрсеткіш 509 лауазымға жететін.

Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылуына байланысты Шымкент қаласындағы 14 бөлімнің атауы өзгеріп, жаңадан 8 басқарма құрылуының нәтижесінде 22 басқарма жұмыс істейді.

Қала аумағындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің бірқатары екіге бөлінсе, бірқатарының атауы өзгеріп, Шымкент қаласы бойынша департаменттері құрылуда. Атаулары өзгертіліп, жаңадан құрылған 25 аумақтық департаменттердегі мемлекеттік лауазымдар саны 1300 құрайды. Қазіргі таңда, органдардың штаттық кестелері бекітілуде, ал кейбір мемлекеттік қызметшілер тағайындалу барысында.

Жалпы Шымкент қаласындағы жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік лауазымдар саны 2000 аса бірлікті құрайды.

Брифинг барысында Департамент басшысы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті құрылып, Тәуке хан даңғылы, 3 бұрынғы мекен-жайы бойынша мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша мәселелерді қарайтынын хабарлады, сондай-ақ, сенім телефонының «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 нөмірін, әлеуметтік желідегі Департаменттің арнайы парақшасын (Шымкент қаласы бойынша мемқызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті) атап өтті.

422 рет оқылды
  • 14
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *