Шымкент қалалық білім беру басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қалалық білім беру басқармасының басшысы лауазымына Ақерке Абылайхан тағайындалды.

Ақерке Абылайхан 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған, мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі, оқытушылар әулетінің өкілі. Мамандығы – биология-химия пәндерінің мұғалімі. Ш.Құдайбергенов атындағы Семей педагогикалық институтын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның Хемниц техникалық университетінде оқыды. Философия ғылымдарының докторы, PhD-ғылымдарының кандидаты (Ph.D.) және жаратылыстану ғылымдары бойынша PhD-докторы (неміс жүйесінде).

Еңбек жолын Семей мемлекеттік университетінде интерн-педагог ретінде бастаған. Содан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Хемниц техникалық университетінде (Германия) ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап 12 жыл бойы ҚР білім және ғылым министрлігінде кафедра меңгерушісі, білім және ғылым министрлігінің даму стратегиясы департаментінің халықаралық бағдарламаларын іске асыру бөлімінің басшысы, ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерін, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы саяси басқару академиясы директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Ақерке Абылайхан білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және белгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ауғанстанның жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ТМД-ның білім беру жобалары жөніндегі атқарушы комитетінің, ШЫҰ-ның медалімен марапатталған. Осы жылдар аралығында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі, ТМД-ның білім беру жобалары бойынша сараптамалық тобының төрағасы, ҚР СІМ-нің ресми дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды. 2018 жылы — БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі ғылыми кеңесшісі.

Қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.

141 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *