Шодиев Өзбекстанға 200 миллион доллар аудармаған

Шодиев Халықаралық қоры коронавирустық инфекциямен күресу аясында Өзбекстан халқын қолдау  мақсатында бөлінген қаражат туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы Халықаралық Шодиев қоры Баспасөз қызметі хабарлады.

«Шодиев халықаралық қоры Қазақстанда әлеуметтік желілері қолданушыларының Патох Шодиев мырзаның Өзбекстандағы анти-коронавирустық реакция аясында бөлген 200 миллион доллар сомасы туралы айтқан мәліметтері жалған екенін ресми түрде мәлімдейді. Халықаралық Шодиев Қоры (ICF) — 1996 жылы Патох Шодиев негізін қалаған үкіметтік емес ұйым. Қор ТМД елдерінде, Азия мен Еуропада қайырымдылық жобаларымен айналысады.