Шардарада шаруа қожалықтары жылына 2 реттен өнім ала бастады

Шардара ауданы – ауылшаруашылығына негізделген аудан. Өткен жылы аймаөқа 32104,3 млн. теңгенің ауылшаруашылығы жалпы өнімі өндірілген.

Бүгінде облыс әкімі Ө.Шөкеевтің жылына 2-3 рет өнім алу тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы аудандағы 14 шаруа қожалығы жұмыс жүргізіп, 94,5 гектар жерден 2 рет өнім алыды. Бір жылда 2 рет өнім алу тапсырмасын орындау мақсатында ауылдық округтерде биыл тағы қосымша 10 шаруашылықты ұйымдастыру қолға алынып отыр.

Ауданда ауылшаруашылығы саласында халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы құны 1292,0 млн.теңгені құрайтын 29 жобаны (187 жұмыс орнымен) іске асыру қолға алынған.

Оның ішінде: 768,0 млн.теңгені құрайтын 21 жоба кәсіпкерлер мен шаруалардың өз қаржысы есебінен, 524,0 млн.теңгені құрайтын 8 жоба қаржы институттары арқылы іске асырылуда.
Аудан диқандарының тынымсыз еңбегі ақталып, жыл қорытындысымен «Алтын күз-2019» мерекесінде ауданымыз мақта өндіруде облыста «Озат аудан» номинациясын иеленді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен Ан Юрий, «Озат балық шаруашылығын дамытушы» номинациясын «Хамит» СТК төрағасы Серманизов Бахытжан, «Озат бақша өндіруші» номинациясын «Қанат» ш/қ төрағасы Асилов Қанат иеленсе, Көксу ауыл округінен «Кеншім Б» шаруа қожалығының төрағасы Кеншім Бекмағамбет 2019 жылдың «Үздік агрономы» номинациясын, Алатау батыр ауыл округінен «Мақсат» шаруа қожалағының төрағасы Жүзбаев Жандар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иеленді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Алатау батыр ауыл округінен «Сая» фермерлік қожалығының төрағасы Қарабаев Ержан «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Көксу ауыл округінен «Гапан» шаруа қожалығының төрағасы Әуелбеков Садық «Құрмет грамотасымен» марапатталды.