Шардара: «Нұротандықтар» конференция өткізді

10 қараша күні «Nur Otan» партиясы Шардара ауданды қ филиалының кезектен тыс XХХVIII конференциясы болып өтті. Конференцияны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Қарымсақов ашып, жүргізіп отырды.

«Nur Otan» партиясының Жарғысына сәйкес өткізілген жиынға бастауыш партия ұйымдарынан 44 делегат сайланған. Сонымен бірге конференцияға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген Төлепұлы да қатысты.

Конференция жұмысын жүргізу үшін әуелі басшылық органдары, атап айтқанда, жұмысшы төралқасы, мандат комиссиясы, есеп комиссиясы, конференция хатшылығы сайланды.

Конференцияның күн тәртібінде:
1. «Nur Otan» партиясының Шардара ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын бекіту туралы;
2. Түркістан облыстық мәслихатына дебат қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру туралы;
3. «Nur Otan» партиясынан Шардара аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту туралы;
4. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс 40-шы конференциясына делегаттарды сайлау туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібін қараудан бұрын мандат комиссиясының төрағасы Ж.Сапаров хабарлама жасады.

Мұнан соң күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Қайрат Жолдыбай хабарлама жасап, партияның Шардара ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша пікірсайысқа қатысатын кандидаттар ортаға шақырылды. Б.Серманизов, М.Бақытжанова, Е.Қарабаев, Н.Молдаханов, Қ.Оңғарбаев, Ә.Бектасовтар ашық дебатқа шығып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Дебат аяқталысымен кандидаттар үшін онлайн дауыс беру болып өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Б.Серманизов, М.Бақытжанова, Е.Қарабаев, Н.Молдахановтар алдағы уақытта өтетін облыстық конференцияға ұсынылды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Шардара аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілсе, төртінші мәселе бойынша облыстық партия филиалының кезектен тыс 40-шы конференциясына делегаттар сайланды.
Конференцияны қорытындылаған аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ.Жолдыбай мен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қ.Ержан әріптестеріне алғыс білдірді.