Серкені 2019 көтеріп, Қазақстанның Рекордттар кітабына енді

   Жақында Алматы қаласында Ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасында тұңғыш Азия Чемпионаты жалауын көтереді. Осы чемпинат барысында ат әбзелдерін жасайтын шебер  Айдос Садықов есімді атпал азамат  чемпионатқа қатысқан спортшылар арасында серке (муляж) көтерден чемпионат ұйымдастырды. Оған  10-ға жуық елдің азаматтары қатысты. Осы сында, жерлесіміз Акбар Елубайұлы 33 келі тартатын серкені  (муляж) 2019 рет көтеріп, бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, Қазақстан Рекордтар кітабының (КИнЭС)  еніп, арнайы сертифкат иеленді. Созақтың, жалпы тұтас қазақтың абыройын бір көтеріп тастады.

Сайыс туралы Акбар Елубайұлы «Бұл бір ерекше сайыс болды. Той жиындарда, мерекелерде қошқар көтеріп жүретінмін. Бұл жолғы сайысқа, монғол, қырғыз, өзбек сынды елдің палуандары да қатысты. Өзім ғана емес, тұтас ұлттың атынан шыққан соң барымды салып, жеңіп шығуға тырыстым. Әуелде 1700 көтерген монғол палуанынан асыра көтерсем болды деп ойлағанмын. Бірақ, биыл 2019 жыл – 2019 рет көтеремін деген мақсат қойып, сол үдеден шықтым»,- дейді. Одан ары көтеретін күш қуатың болды ма деген сауалымызға. «Әрине, болды. Бірақ, биылғы жылы 2019 рет  көтеру креативті  көрінбей ме?! Сондықтан, осы санға тоқтадым»,- дейді.

Ия, Қазақстанның рекордттар кітабына енген  Акбар Елубайұлы — еліміз үшін таныс есім. Тұтас оңтүстік өңірі бұл жігітті мақтан тұтады.  Акбар жарысқа шықса теріскейліктер тақымын қысады. Тайлы тұяғымен. Себебі, елдан асқан өнері, мыңды састырған машығы бар. Тіл көзіміз тасқа бірақ жасаған берген, бір басына бұла күшті аямай берген. Күрессе, белдескенді атып ұрады. Атқа мінсе, қарсыластың мысын басып тұрады. Көкпаршы. Айтулы додаларда серкені өңгеріп, талай салым салған. Тақымы мықты. Сосын, қазақы тойдың сәнін келтіретін қошқар көтеруден, алдына жан салмайды. Екі жылда отыз қошқарды өңгеріпті. Еріксіз таңдай қағасың, ия!

«Алып -анадан туады»,  Акбардай палуанды тоғыз ай көтерген анасы Ғалия да, кенжесінің тілеуін тілеп отырған аяулы жан. Әкесі Елубай, баласы додаға түссе тақымын қысып, қашанда жанынан табылады. Қос ағасы Нұрғали мен Ерғалида бауырының бабын тауып, білген ақыл кеңесін аямайды. Қыз апасы, Әселдің жөні бір бөлек.

Қашанда қарапайымылығынан танбайтын Акбар, «Мұның бәрі әуелі, Алланың, сосын жанашыр әке шеше, бауырларымның арқасы. Әрине, «халық айтса, қалып айтпайды», жігіттің жақсы болуы нағашыдан»  деп отырады. Ия, Акбар Елубайұлы- бағы мен бабы, тәрбиесі келіскен білекті де, жүректі жігіт.

Ерлан Райымқұлов.

 

 

 

148 рет оқылды