«Nur Otan»: Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам

Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының кезектен тыс XXXVIІІ конференциясы өтті. Конференцияға аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Бертаев төрағалық етіп жүргізіп отырды. Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Абай аудандық фииалының Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, Шымкент қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар және «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:

— ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі атты Жолдауын талқылау;
— «Nur Otan» партиясының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту;
— «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXXVIІІ конференциясына делегаттар сайлау.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап сөз сөйлегендер: Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының директоры Б.Мұстафаев; Шымкент қалалық механикалық зауытының директоры, «Қошқар ата» БПҰ төрағасы М.Кушенов; №49 жалпы орта мектептің директоры С.Утебаева; №13 қалалық емхананың бас дәрігері А.Дерипсалдинова; Абай аудандық «JasOtan» жастар қанатының төрағасы Н.Әбілкәрім.

Аталмыш жиында Жолдауда атап өткен мәселелер төңірегінде кеңінен ой өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар конференцияның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXXVIІІ конференциясына делегаттардың кандидатуралары ұсынылып, делегаттар құрамы бірауыздан сайланды.