СЕНАТОРЛАР ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкенттегі жұмыс сапарын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалғастырып, сондағы «АГФ Групп» өндіріс орнын аралады. Мақсат – Президент тапсырмасы бойынша бизнесті қолдау және онда кездесетін кедергілерді жою.

Аталған компаниясы 2011 жылы құрылған. Өндіріс орнында 250 қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіпорын жылына 3 миллионнан астам өнім шығарады. Негізінен төсек жабдықтарын дайындайды. Мұнда қызметкерлерге барлық жағдай жасалған.

Сенаторлар өндіріс орнындағы импорт, экспорт кезіндегі мәселер бар екені жайлы да мәлімет алды. «АГФ Групп» компаниясы директорының орынбасары Шолпан Оразованың айтуынша шикізатты сатып алуда және Еуроодаққа мүше елдерге жіберілетін тауарлардың мемлекеттік төлемі мен баж мәселесі бойынша қиындық бар. Парламент Сенатының депутаттары аталған мәселелер бойынша оң шешім болатынына ықпал ететінін жеткізді.