СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы мәслихат депутаттарымен кездесті.

Кездесуде сенаторлар осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары және қабылданған заңдардың маңыздылығы туралы мәлімет берді. Оның ішінде Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалардың санатына енуіне байланысты жоғарғы палатадағы қабылданған ҚР әкімшілік аумақтық құрылымы, республикалық бюджетке өзгерістер енгізу және азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған заңдар туралы сенатор Н.Бекназаров толық мәлімет берді.

Өз кезегінде шымкенттік депутаттар өз ойларын айтып, сауалдар мен ұсыныстар айтты.

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Еркін Сатқанбаев: Алдағы болатын жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы партиялық тізіммен жасақталуына қатысты өз пікірін білдірді.

Депутат Рамазан Бектұрғанов: Медицина саласындағы реформалардың беретін нәтижесіне тоқталып өтті.

Депутат Төреайым Сұлтанова: Кәсіпкерлікті қолдау. Оның ішінде орта және кіші кәсіпкерлерге жергілікті антимонополия қызметінің тарапынан жасалынып жатқан заңсыз әрекеттері туралы мәселе көтерілді.

Депутат Ғани Ташқараев: Жергілікті аудан әкімдерінің аудандағы инфрақұрылымдық жүйелерге қатысты жоспарлау мәселелері бойынша дербес құзырет беруге қатысты қажетті заңдарға өзгеріс енгізуді ұсынды.

Депутат Шыңғыс Қозбахов: Шымкент қаласына жаңадан қосылған Жаңаталап, Тұран, Көктөбе елдімекендерінің тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін тездетіп шешуге ықпал етуді сенаторлардан сұрады.

Депутат Ерлан Омаров: Отандық өнім өндірушілердің тауарларын экспорттау бойынша импорттық тауарларға төленетін салығымен салыстырғанда әлдеқайда көп төленеді және бұл Қазақстандық тауар өндірушілерге қажетсіз шығындар әкеледі.

Депутат Ерболат Нұрмаханов: Жастар мәселесі, жоғарғы білім алуға грант бөлу, мемлекеттік пен жекеменшік оқу орындарындағы төлем ақылардың мөлшері жоғары екендігіне қатысты мәселені көтерді.

Депутаттар көтерген сауалдар мен ұсыныстар бойынша Нұрлан Бекназаров мүмкінгінше түсіндіріп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді толыққанды қарап, сенаттағы жұмыс барысында шешетінін мәлімдеді.