Өсекшінің кесірі

Бір адам базардан құл сатып алады. Сатушы оған «бір айыбы бар, өсек айтады» дейді. Сатып алған адам онысы ештеме етпейді деп үйіне алып кетеді. Ол жерде бірнеше күн жүргеннен кейін қожайынның әйеліне:

— Сені күйеуің жек көреді, жақында екінші әйел аламын деген ниеті бар. Саған ақыл айтсам қалай қарайсың?-дейді.

Әйел:

— Ақылың болса айт,-дейді.

— Күйеуің ұйықтаған кезде шашын ұстарамен алып таста, екінші рет үйлене алмай қалсын,-дейді. Әйел келісе кетеді. Кешкісін күйеуі үйіне келгенде, оған:

— Сенің әйелің біреумен тұрмыс құрмақшы. Одан құтылғың келе ме?-дейді. Кешке жатқанда әйелің сені ұстарамен өлтірмекші болады, сен оны одан бұрын өлтір,-деп кеңес береді. Кешкісін төсекке жатқаннан кейін көп уақыт өтпей әйелі ұстарамен келе жатқанын көрген күйеуі дереу қимылдап әйелін өлтіреді. Әйелдің туыстары қожайынды өлтіреді. Осылайша қожайынның туыстары мен әйелдің туыстары қырық-пышақ болып қырқысады.

Міне, сөз тасудың нәтижесінде екі ел бір-бірімен жауласады. Сондықтан өсек айтудан артық бүлік жоқ. Бүлікті үлкен-кіші деп бөлуге болмайды. Кіші бүліктен сақтанбаған адам, үлкенінен құтыла алмайды.

 

http://oko-meshit.kz

163 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.