САУРАНБАЕВ БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жаңа жылды асыға күткен балалар, қала әкімі Нұрлан Ермекұлымен бірге қарсы алды. Оқушылар сарайында өткен мерекелік жиынға 100-ге жуық бүлдіршіндер қуанышқа бөленді. Шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев кішкентайларды жаңа жылмен құттықтап, оларға тәтті сыйлықтар табыс етті.

Аяз ата мен Қарша қыз түрлі ойындар ұйымдастырып, өз өнерін көрсеткен балаларға тосын сый жасады. Мәз-мәйрам болған балғындар, әдемі безендірілген шырша шамын жағып, би билеп, ән айтты.

106 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.