«Сасқан үйрек артымен сүңгиді»

Жуырда Шымкентте балмұздақ жеймін деп, талай бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шыққаны белгілі. Даудың соңында ОҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті балмұздақ сатқан жерді мүлдем тексермегені анықталған.

Бұл жағдайға байланысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі жиын өткізіп,  кәсіпкерлер палатасынан және ОҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдерінен өз ұсыныстары мен не істеу керектігін сұрады. Алайда олардың қолынан тек түсіндіру жұмыстары ғана келеді екен. Кеңесте балалардың денсаулығы назарға алынып, алдағы уақытта мұндай оқиға қайталанбас үшін мектеп асханаларын тексеру жоспарланды. Білім ордасында БАҚ өкілдерімен барған кеңес мүшелері асханадағы тоңазытқыш істен шыққанын, сондай-ақ бірқатар олқылық анықтаған.

Күні кеше облыстық кәсіпкерлер палатасында Шымкенттегі мектеп асханаларын жалға алушылар бізді заңсыз тексеруде деп, облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасына шағым айтты.

Мән-жайды көріп, білген облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасы Мелес Сейітжанов мырза «Тексерушілердің ішінде зообақ директоры жүр. Ол түрлі жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін, рас па? Ол зообақтың директоры ғой, жануарлармен жұмыс істейді», — деді. Мелес мырза Қазақстан Республикасы ар-намыс кодексі туралы заңынан бейхабар болғаны ма?! Бұл сөздерден оның балалар денсаулығына алаңдамай, тамақ пісіруші кәсіпкерлерді қорғап, жеке адамның намысына тиісу маңыздырақ болғаны байқалады.

Себебі, балмұздақтан балалар уланған кезде дәл осы зообақтың директоры, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаев «Кәсіпкерлер палатасын ешқандай әрекет жасамай отыр. Кәсіпкер керек болса өзін қорғап алады. Неге балмұздақ сатушыларға, жалпы тамақ дайындайтын кәсіпкерлерге  қатысты бір әрекет етпейді? Тек қорғауды біледі», деп сынға алып, өз ұсынысын да қоғамдық кеңесте айтқан.

Міне, содан бері қанша уақыт өтсе де кәсіпкер палатасы адам денсаулығын ойламай, заң бұзған кәсіпкерлерді қорғап, сөздерін сөйлеп келеді.

Мелес Сейітжанов мырзаны айтқан сөзі үшін Бұхарбаев сотқа беріп, жеңіп шықса облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі ұятқа қалмайды ма?!

564 рет оқылды
  • 22
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *