Сарыағаш ауданындағы №12 мектеп жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желі белсендісі Айман Умарованың Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округінде орналасқан №12 С.Сейфуллин жалпы орта мектебі туралы «Здес живут дети! Куда уходит детство? Куда уходят бюджетные денги!» атты жарияланған постында мектеп интернат ғимараты деп көрсетілген 1-ші суреттегі ғимарат мектептің көмір сақтайтын орны болып табылады. Оның мектеп-интернаттың оқу корпусы немесе жатақханасы емес екендігін, берілген ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейміз.

2-3-ші суреттер мектеп жанындағы интернаттың сыртқы көрінісі. Аталмыш интернаттың жөндеу жұмыстарына 2019 жылы 2,5 млн теңге бөлініп, осы жылдың мамыр айынан бастап жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ал, өткен 2018 жылы осы интернатқа 60 оқушыға қажетті төсек жабдықтар (кереует, матрас, сыртқы жамылғылары) жаңадан сатып алынған. Сондай-ақ, таза ауыз сумен қамту үшін арнайы құрылғылар (аристон, душевой) қойылған.

№12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі 2016 жылы жергілікті бюджеттен 17,480 млн теңгеге (шатыры, терезесі, жылу жүйесі), ал, интернат 2013 жылы жергілікті бюджеттен 14,0 млн теңгеге толық күрделі жөндеуден өткізілген. Мектеп-интернаттың бүгінгі көрінісі суретте көрсетілді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

79 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *