Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында компьютерлік томографияның әлемдегі ең соңғы үлгісі орнатылды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауруханаға қарасты инсульт орталығын ашып, заманауи қондырғының жұмысымен танысты. Облыс басшысы медицина қызметкерлерінің еңбегіне оң баға беріп, ауруханаға су жаңа үш жедел жәрдем көлігін сыйлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен өңіріміздің барлық ірі ауруханалары жабдықталатын болады.

 

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы 1989 жылдан бастап жұмыс атқарып келуде. ОҚО Әкімінің  2017 жылы тамыздағы № 218 қаулысының және ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы 02.10.2017 жылдың № 763 н/қ бұйрығы негізінде Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына   аудандық  емханасын қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Мекеме: Сарыағаш  қаласы, Исмайлов көшесі №115/а орналасқан. Сарыағаш аудандық орталық  ауруханасы 189165 халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Халық тіркеу порталы бойынша (РПН) 188745, оның ішінде  ересектер саны – 104002, жасөспірімдер – 9515, 0-14 жас аралығындағы балалар – 75183.

Міндеттемесі:

 

Салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізу;

Алдын алу және емдеу жұмыстарының сапасын арттыру;

Медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін жоғарлату;

Тұрғындарға сапалы мамандандырылған қол жетімді медициналық қызмет ұсыну;

Бюджетті тиімді басқару және үнемдеу;

Мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына қарасты 75 медициналық

емдеу нысандарыхалыққа қызмет көрсетуде:

1 — аудандық аурухана, жұқпалы аурулар бөлімшесімен.

6 — ауылдық аурухана.

1 –аудандық ауруханаға қарасты аудандық емхана.

1 — бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы (БМСҚО).

20 — дәрігерлік амбулаторий (ДА).

29 — фельдшерлік акушерлік пункт (ФАП).

14 — медициналық пункт (МП).

1 — тері мерез диспансері.

1 — туберкулез диспансері.

1 — жедел медициналық жәрдем бекеті.

Аудандық аурухана 492 тәуліктік төсек орнымен және 109 күндізгі емхана төсек орнымен қамтылған.

Аурухана бөлімдері:

Ішкі аурулар бөлімі

Балалар бөлімі

Перзентхана бөлімі: босану бөлімі, жүктілік патологиясы, ОПН, жан сақтау

Гинекология бөлімі

Жарақаттар бөлімі

Кардиология бөлімі

Неврология бөлімі

Жұқпалы аурулар бөлімі

 

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бойынша жалпы қызметкерлер саны — 2121. Оның ішінде дәрігерлер саны — 307, орта буынды медицина қызметкерлері – 1225, 325 – кіші буын қызметкерлері және 264 өзге де қызметкерлер сапалы жұмыс атқаруда.

Материалдық-техникалық базамен қамтылуы:

2017 жылдың қорытындысы бойынша Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында жалпы келісіммен алынған суммасы 192 882 925,63теңгеге саны 209 медициналық аппараттар алынды. Оның ішінде: Аппарат исскуственной вентиляции легких MythoVent с принадлежностями, Аппарат  наркозно-дыхательный MAJA в исполнении Х45 с принадлежностями, Система диагностическая ультразвуковая стационарная UGEOH60,  автомобиль «Скорая медицинская помощь» кл В на базе ГАЗель Next реанимационных бригад, Аппарат назальный СРАР терапия педиатрическии SLE 1000   c принадлежностями, Инкубатор для новорожденных CHS-I 1000 в различн.исполнен.БронхофиброскопPentaxFB-10V.

Ал 2018 жылға жалпы суммасы 683 615 000,0 тг көлемінде медициналық аппараттар алу жоспарланды. Бүгінгі таңға дейін жылдық жоспар683 615 000 тг көлемінде толық орындалып аппараттар алынды. Атап айтқанда: Компьютерный томограф на 64 срезов, Стол операционный CHS-790ІІ, Радиографическая рентгеновская система RFM-525 HF, Аппарат исскуственной вентиляции легких SLE 5000 в комплекте,Mytho Vent с принадлежностями, Лор-комбайн UE-3000, Мобильная рентгеновская система.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында 2017 жылдың қорытындысы бойынша 24 063 адам тәуліктік ауруханада  емделіп шықты. Күндізгі емханада емделген науқастар саны – 4630.2018 жылдың 9 ай көлемінде ауруханада 17 956 науқас, күндізгі емханада 3369 науқас емделіп шықты.

Аудандық ауруханаға қарасты емхана бөлімінде  2017 жылы 651 828 адам дәрігердің қабылдауында болып, ем қабылдады.  2017 жылдың 12 айында 5496 нәресте туылды. 2018 жылдың 9 ай көлемінде 402 372 адам дәрігер қабылдауында болып, емделді. 2018ж 9 айында 4294 нәресте туылды.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында инсульт орталығы

ашылуда және компьютерлік томография аппараты іске қосылуда.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында 2017 жылдан бастап жаңадан енгізілген  операциялар тізімі:

Лапароскопиялық холецистэктомия

Ниссен операциясы

Зоб

Эхиноккокэктомия(асқынған түрлері)

Венэктомия

Лапароскопиялық аппендэктомия

Гастроэктомия  лимфодиссекциямен

Бауыр өт жолдары реконструкциясы

Лапароскопиялық варикоцеле

Лапароскопиялық стерилизация

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *