Самал – 3 тұрғын алабы тұрғындарының шағымы бақылауға алынды

Шымкент қаласы, Самал-3 елді мекені, Ізгілік көшесінің тұрғындары өз көшелерінің бойында ирригациялық жүйелердің (каналдар мен құбырлар) болмауына орай жауыннан кейін көшені су алып отырғандықтарын айтып «Nur Otan» партиясына шағым білдірген.

Партия филиалы тарапынан Самал-3 шағынауданы Ізгілік көшесіне зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, тұрғындармен арнайы кездесу өткізілді. Оған «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Ж.Сыдықов, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Абай ауданы әкімдігі мен қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің және жергілікті ауыл биі Исмайлов Бекайдар және елді мекен тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында зерделеу нәтижесі бойынша аталған көше бойына ирригациялық арық орнату қажеттілігі анықталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері тарапынан төмендегідей ұсыныс берілді:
1) Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Абай ауданы әкімдігі бірлесіп:
— Ізгілік көшесіне ирригациялық арық орнату жұмыстарын 2021 жылдың жұмыс жоспарына енгізуді;
— Ағымдағы жылы су жиналуды болдырмау мақсатында бос жер телімі арқылы уақытша арық қазу жұмыстарын ұйымдастыруды 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қарастырсын.
Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуы бойынша жұмыстар қараша айының соңына дейін атқарылатын болады.

Тапсырманың толық орындалуы қалалық және аудандық партиялық бақылау комиссиясының бақылауына алынды.