«Qorgau» – халық көмекшісі

Шымкентте «qorgau» жобасы басталды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі.  «Qorgau» – халық көмекшісі. Ол 200-ден астам өзекті тақырыпты қамтиды. Оның аясында тұрғындар тегін заңгерлік көмек алып, өздерінің құқықтық сауаттылықтарын арттыра алады.
Жобаны аймақтық бөлімшелерін ашуды азаматтық сектордан, үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері қолға алған. Жанболат Жамантаев пен Сабира Байзақова миллионды қаладағы аталған жобаның үйлестірушілері.

– Бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, оларға тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылады. Әр өңірге бекітілген заңгерлер алдағы 4 ай бойы тұрғындарға кеңес береді. Жұмыс күні ішінде кез келген жас заңгердің көмегіне жүгіне алады. Бізде басына күн туғанда ғана заңгерді іздейтіндер көп. Ендігі жерде мәселелерін тыңдауға дайынбыз, -дейді өңірлік жетекшілер.

Бұл «Qorgau» ауқымды жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, «Азаматтық бастамалар орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен «Бірінғай Call-орталық құру арқылы Құқыққорғаушы кешенді жобаның іске асырылу» гранты шеңберінде жүзеге асырылуда. 2019 жылдың 1 тамызынан бастап елдің барлық қала-ауданында 210 заңгерлік кеңес беру бөлімі ашылады. Шымкент қаласындағы бөлім жастар ресурстық орталықтарында орналасады.