Президент Жолдауы жыл сайынғы Жолдаулармен салыстырғанда нақтылығымен ерекше деп ойлаймын

–Биылғы Президент Жолдауы жыл сайынғы Жолдаулармен салыстырғанда нақтылығымен ерекше деп ойлаймын. Елбасы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына баса мән беріп, коммуналдық- шаруашылық саласында, отандық өнеркәсіпке қолдау білдіру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жолға қойып, ішкі туризмді дамыту қажеттілігін атап өтті.

Тағы айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетіні жайлы айтылды. Сондай-ақ, Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл қуантарлық жайт. Алдағы уақытта медицина саласы дами түсетіні айдан анық. Президенттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап, оның жүзеге асырылуына өз үлесімізді қосамыз деп санаймын.

 

Мархабат БАЙҒҰТ,
жазушы, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, облыстың құрметті азаматы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері:

370 рет оқылды
  • 20
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *