Отырарлық жас ақынның  «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен шығармашылық кеші өтті

Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру Отырар ауданындағы жас суретші, қолөнер шебері, ақын қазақтың  қайсар қызы атанып кеткен  Тұрсынай Қайратқызының «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен «Мен бақытты екенмін» атты шығармашылық кеші өтті.

 
Сағыныш пен мұңнан, тазалық пен сұлулықтан  тұратын Тұрсынайдың өлеңдері көңіл толқынын тербеп, адам баласының жандүниесін бірде мұңға, бірде шыңға сүйреп беймаза күйге бөлейтіні шындық. Өзі жастайынан арбаға таңылса да ақын қыздың  пайым-парасаты жоғары, талғамы биік, арман-мақсаты шексіз. Ең бастысы —  өмірге құштар жан.

Кеш шымылдығы да автордың «Мен бақытты екенмін» өлеңімен ашылды.
Жыр сүйер көпшілікті лирикалық  өлеңдерімен  сусындатқан кеште аудан әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы жас та болса терең ой қозғай білген құнды да жаңа кітапқа құтты болсын айтып, жаңалыққа, жасампаздыққа құштар Тұрсынайдың шығармашылығына толағай табыс тілеп, ақын қызға арнайы сый-сияпат табыстады. Ал, Отырар ауданының Құрметті азаматы, ақын  Бегаман Сұлтаев өз лебізін жыр шумақтарымен жеткізіп, шығармашылығына сәттілік тіледі.

Кітаптың тұсауы ресми түрде кесілген соң  Отырар әдебиет және өнер бірлестігінің мүшелері, ақын-суретші, рухани ұстазы Әділхан Мәлік, ақын-ұстаздар  Алтынай Қасымбек пен Аманкүл Омар, Гаухар Жүсіпәлиевалар жүрек жарды тілектерін білдіріп, ақын қызға шығармашылық табыс тіледі.
Шара барысында көпшілікке Тұрсынай Қайратқызының сиясы кеппеген жырлары тарту етіліп, ақын қыздың өнердегі достары әуелете ән салып, жақұт жырдан шашу шашты.

446 рет оқылды
  • 85
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.