Олар «Нұр Отанды» және өз басшыларын қолдамай ма?

15 мамыр күні облыстық кәсіпкерлер палатасында Шымкенттегі мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлер бізді заңсыз тексеруде деп, облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасына шағым айтты.

Себеп, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі мектеп асханаларына мониторинг жүргізген. Алайда оны кәсіпкерлер «тексеру» деп түсініп, шу шығара бастады. Облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасы Мелес Сейітжанов мырза ара-тұра заң бұзатын мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлердің сөзін сөйлеп, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің құрамындағы жеке адамға қатысты әңгіме қозғады.

Демек, ОҚО кәсіпкерлік палатасы мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасы Мелес Сейітжанов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовке қолдау білдірмегені ме?

Өйткені «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев tengrinews.kz сайтында былай деген болатын: «сегодня есть определенные нарекания к качеству школьного питания, не во всех школах соблюдаются стандарты». В рамках проекта планируется внедрить такие стандарты, а «Нұр Отан» будет осуществлять за качеством школьного питания общественный контроль.

«Мы полностью поддерживаем эту инициативу. Предварительно обсудив, решили все-таки пойти путем организации комбинатов детского питания, для того чтобы в каждую школу отдельный предприниматель не заходил. Все компании, которые занимаются питанием и соответствуют требованиям, могли бы поставлять еду в комбинат. В этих комбинатах будут расположены лаборатории качества, их смогут контролировать родительские комитеты. И уже через этот единый центр поставки сможет осуществляться развозка. Это бы снизило издержки и, самое главное, обеспечило контроль за качеством, что крайне важно», — отметил председатель правления НПП РК «Атамекен» Абылай Мырзахметов.

Бұлай айтқандарды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев  қолдаған.

Мелес Сейітжанов бұған не айтар екен? Түсінгеніміз бойынша ОҚО кәсіпкерлік палатасы мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесі «Нұр Отанды», «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовті және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қолдамай отырғаны ма?

  • 12
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *