ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысының жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында республикалық, облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жыл бойы кезең-кезеңмен жұртшылықпен кездесулер мен талқылаулар өткізетіндігі белгілі.

Бүгін, яғни қыркүйек айының 6-шы жұлдызы күні осы мақсатта аудан әкімшілігінің үлкен залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жиын өткізілді.
Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор. Бұл жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев жүргізді. Іс-шараға мекеме қызметкерлері, жастар, мұғалімдер және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында облыстық насихат тобының мүшелері, бүгінде барша қазақстанда жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттердің орындалып жатқанын және жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу баршамыздың міндетіміз екенін атап өтті. Сонымен қатар пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға алғыстарын білдірді.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай Нұрлыбайұлы, Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абсеметов Абзал Болатұлы, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Дуанабеков Фархат Мұратұлы жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдірді.