ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жиын өткізілді.
Аталған жиынды аудан басшысы Ақментай Үсенұлы жүргізіп, Жолдауда көрсетілген негізгі бағытқа тоқталды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айтай Бахадыр Сатыбалдыұлы, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы А.Мамытбеков және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов баяндама жасап, тұрғындардың өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор екендігін атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында №13 колледж директоры Ж.Қозыбаев және Келес аудандық мәдениет үйінің директоры Ж.Наушабеков өз ойларын ортаға салды. Ендігі кезекте жүктелген міндеттер жұмыс барысында Келестіктер тарапынан басшылыққа алынып, жүйелі жүзеге асырылмақ.