Оқушыларды моншада оқытқан директорды жұмыстан босатуды талап етемін

Кеше ғана Шымкенттегі №80 мектеп-лицейінің оқушылары моншада білім алып жүргенін көпшілік естіді. Ғимарат санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысына сәйкес санитарлық талаптарға сай еместігі белгілі болды.

Одан бөлек моншаны жалға алғаны үшін айына 3 миллион теңге төлеуге келіскен. Ол ақшаны қайдан алмақ болған? Әлде мектептің өз бюджеті бар ма? Қандай негізде жеке кәсіпкермен келісім-шарт жасайды?

Мектеп директоры ешкімнен рұқсат сұрамай, мұндай қадамға барғаны қылмыс деп санауға болады. Білім ошағы директордың жеке меншігі емес. Ол әкімдіктің немесе білім басқарманының келісімін алмаған. 1 мыңнан аса ата-ана қарсы болып, кейбірі митингке шығамыз дегені директордың заң бұзғанының арқысында. Бұл жағдайдан соң мектеп директорын жұмыстан босату қажет.

Нұрғазы Бұхарбай, 

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, мәслихат депутаты.