ОҚО-ДА ДƏСТҮРЛІ «АРАЙ» БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ

              Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып Астананың 20 жылдығына орай облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілері  байқауының алғашқы іріктеу кезеңі облысымыздың аудан, қалаларында бастау алды. 

Өңірімізде  23-ші рет өтіп отырған дəстүрлі байқаудың мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін және облыстағы мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып оларға қолдау көрсету.

Аталған байқаудың биылғы жылғы ерекшелігі əрбір аудан, қалаға бекітілген тəлімгерлер
Үміткерлердің жасы 16 мен 25 жас аралығында үміткерлерді саралап, дайындық жұмыстарына жетекшілік жасайды. Сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында барлық тəлімгерлер төрелік етеді. Бірақ, өз үміткер шəкіртіне даусын  бере алмайды.

Байқаудың бірінші кезеңі (іріктеу) аудандық, қалалық мәдениет үйлерінде  1-3 ақпан аралығында өтсе,  екінші кезең (жартылай финал) 6 ақпан күні Шымкент қаласындағы
Ш.Қалдаяқов атындағы филармония залында, үшінші  кезең (финал)  22 ақпан күні «Түркістан сарайы» концерттік ұйымында өтеді.
1993 жылдан бастау алған  «Ақкөгершін» облыстық әншілер  байқауы 1995 жылдан бастап «Арай» деген атаумен өзгертілді.

Жас дарындардың өнер әлеміндегі тұсауын кесе отырып патриоттық санада тәрбиелеуге, еліміздегі композиторлардың əндерін орындау арқылы жаңа қырынан танылуына жол ашуға бағытталған байқау қаншама талантты жастарды өнер аспанында жұлдыз етіп, болашақтарына жол ашты. Яғни,
1995 жылы Бақытжан Қажымұқанов,
1996 жылы  Бауыржан Исаев,  Әбдіхан Нұрмағамбетов, 1997 жылы Владимир Ступин, Нұрғали Тұрлыбеков, Алтынай Жорабаева,
1998 жылы Мадина Сәдуақасова, Нұрлан Еспанов, 1999 жылы  Гүлжазира Нұрпейісова,
2001 жылы Асқар Жүнісбеков, Дінмұхаммед Байқожа, Әлден Жақсыбеков,
2002 жылы Досжан Дәрібаев,
2003 жылы Олжас Бекбауов, Жігіттер квартеті,
2004 жылы  Кенжегүл Серікбаева,
2005 жылы Мұнарлан дуэті, Нұрлан Балтақожа,
2006 жылы Владимир Игнатенко, Сая Сейтімова, Асыл Жандәулетов, 2007 жылы Тұрғынәлі Дәуітов, 2009 жылы Нұржан Жүсіпбеков, Данияр Қайратұлы,  2011 жылы  «Өркен» тобы,  2012 жылы  Жарқынай Шалқар,  2013 жылы Жас эстрада әншілерінее Айнара Айтқалиева, Мәдени іс-шара жүргізушілері бойынша: Жандос Өсербаев, Берік Бейсенбай,  2014 жылы Жас эстрада әншілерінен Тәжі Айгерім, Мәдени іс-шара жүргізушілерінен Жақабай Нұрай,  2015 жылы Жас эстрада әншілері бойынша : Айзада Алимбекова, Өсербай Бөріханов, Семсер тобы, Мәдени іс-шара жүргізушілер бойынша:  Сымбат Орынтай, Мұхтар Аманжол, 2016 жылы  Жас эстрада әншілері бойынша: Бағдат Сейітбеков  Арайлым Көлшікбаева, Мәдени іс-шара жүргізушілерінен  Мамытов Бақдәулет, 2015 жылы  Жас эстрада әншілерінен  Балжан Тағантұрды, Мәдени іс-шара жүргізушілерінен Берік Сабыр жеңімпаз атанған болатын.

336 рет оқылды
  • 18
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.