ОҚО-ДА 320 МЫҢ ГЕКТАРҒА КӨКТЕМГІ ЕГІС ЕГІЛУДЕ

Оңтүстік Қазақстан облысына көктем өзге аймақтарға қарағанда ерте келетіндіктен мұнда көктемгі дала жұмыстары қарқынды түрде жүргізіледі. Биыл ауа-райы диқан қауымға қолайлы болып, бүгінгі күнге көктемгі егінді 130 мың гектардан астам жерге егіп үлгерді.

Мәселен, шаруалар 25,6 мың га жаздық арпа, 28,3 мың га жоңышқа, 43,4 мың га мақсары, 7,2 мың га картоп, 14,8 мың га көкөніс, 11,4 мың га бақша егті. Егу жұмыстары жалғасуда. Меже бойынша облыста 42 мың га жерге арпа, 109,5 мың гектар мақсары, 51,6 мың гектар жоңышқа, 15,5 мың гектар картоп және 60 мың гектар бақша дақылдары мен көкөніс 41 мың гектар жерге, яғни жалпы 320 мың гектарға көктемгі егістік егілмек.

Ал көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде атқаруға облыста толық мүмкіндік бар, — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары. Олардың айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 833,1 мың гектар немесе өткен жылдан 6,8 мың гектар артық межеленіп отыр екен. Оның ішінде арпа 42 мың гектар, майлы дақыл 116,5 мың гектар, дәндік жүгері – 54 мың гектар, мақта – 105 мың гектар, көкөніс, бақша, картоп -117,5 мың гектар, мал азықтық дақылдар – 237,8 мың гектар.

Сондай-ақ, мамандар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 38 мың тонна жанармай Шымкент мұнай өңдеу зауытынан бөлінгенін атап өтті.  Ал жанар май тасымалдаушы операторлар тізімі белгіленіп, мұнай өңдеу зауытымен келісім-шарт жасалынған.

113 рет оқылды
  • 13
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.