ОҚО «Азаматтар арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясына» жаңа директор тағайындалды 

Ержан Жеңісбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы «Азаматтар арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының жаңа директоры болып тағайындалды. 

Жеңісбек Ержан Жеңісбекұлы 1979 жылы 3 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келген.1996-1999 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, одан әрі өз мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласының әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2000-2017 жылдары өзінің қызметінде ол Шымкент қаласының әкімі аппаратының бас маманы, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.2017 жылы «Азаматтар арналаған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма аппаратының ішкі қауіпсіздік департаментінің директоры болып тағайындалды.

2018 жылғы 23 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы «Азаматтар арналаған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының директоры болып тағайындалды.Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.

  • 285
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *