«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен «Adilet group» арасындағы меморандум түзілді

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент  қаласының «Adilet group» заң консультанттар палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі  өтті.

Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамның экономикалық, әлеуметтік  және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, сонымен қатар, мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Меморандум барысында Шымкент  қаласының «Adilet group» заң консультанттар палатасының төрағасы Ильясбек Джунусов азаматтарға заң аясында көмек беру  бойынша сөз сөйледі:

«Біз «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе отырып заң және құқық бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз.  Осы бағытта азаматтардың құқықтық мүддесін дер кезінде қорғап, қиын жағдайға жеткізбеу мақсатымыз болып табылады. Заң консультанттар палатасының тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен тұлғаларға,мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін кеңес беріп, қызмет көрсетеміз. Бұдан да басқа ұсыныстар болса, меморандум бойынша жұмыс жасауға дайынбыз»,- деді.

Мәжіліс соңын  қорыта келе, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңына, ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңы бойынша,Азаматтық процестік кодексін, өз құзыреті шегінде меморандум жасасты.