«Nur Otan»: Бірқатар басқарма басшыларының есебі тыңдалды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысында бірқатар басқарма басшыларының есебі тыңдалды.

Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Шараны «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков ашып, жүргізді.
Алғашқы болып Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

«Өткен жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы арқылы 40,3 млрд. теңгеге 113 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның ішінде: 83 тұрғын үй , 17 әлеуметтік және басқа да сала нысандары, 13 инженерлік инфрақұрылым нысандары, сондай-ақ, көп балалы отбасыларға нарықтан 98 пәтер сатып алынбақ. Қазіргі таңда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Барлық инвестиция көздерінен жалпы 6 513 пәтерлік 132 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді, жылдың қорытындысында 53 тұрғын үй пайдалануға берілді. Көпбалалы отбасылар 450 пәтер және жұмыс істейтін жастар 904 арендалық пәтермен қамтылған»,- дейді қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Құнанбайұлы.

Сонымен қатар, 5 820 орындық 13 білім нысандарының құрылысын әзірлеуге бюджеттен жалпы 7,7 млрд.теңге бөлінген. Жыл қорытындысымен 8 мектептің құрылысын аяқтап, іске қосу көзделіп отырғанын жеткізді.

Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз атқарылған жұмыстардың қорытындысында қаладағы ауыз су қамтамасыз етілу деңгейі 93%, яғни 961,134 мың адам ауыз суды тәулік бойы тұрақты алып жатқанын айтты. Қалған тұрғындар суды кестемен, ұңғыма және құдық арқылы пайдаланып отыр. Ал, сапалы электр қуатымен 942,5 мың адам қамтылып, тұрғындардың 8,8% сапасы төмен немесе, жаңа құрылыс жұмыстарын, талап ететін электр желілерін пайдалануда.

Ағымдағы жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі және Прокуратура тарапынан Шымкент қалалық құрылыс және энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмыстарына талдау жұмыстарын жүргізген. Комиссия мүшелері талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктермен танысып, отырыс қорытындысы бойынша қаулы қабылдады. Айтылған кемшіліктер бойынша ұсыныстар тиісті органдарға жолданатын болды.

«Nur Otan»партиясы Шымкент қаласы филиалының баспасөз қызметі