Өнер жұлдыздары сахнаны ХҚО-ға ауыстырды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  Шымкенттегі филиалында «Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні» атты республикалық акциясы өтті. Бұл күні отандық эстрада жұлдыздары Халыққа қызмет көрсету орталығы операторларының кейпіне енді.

Акцияға атақты әнші Азизхан Шекербеков, «Нысана», «Шаншар», «Шымкент-шоу» театрларының актерлері Дәурен Жұмаділов, Нұрбол Айтұлов, Абай Аязбаев, Нұржан  Құлшынбаев, Жарас Ахметов, Нартай Сүлейменов және  əлем чемпиондары белгілі боксшы Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев, боксшы Закир Сафиуллил, Бекдәулет  Ибрагимов, сондай-ақ, Шымкент мәслихатының депутаттары қатысты. Шоу-бизнес жұлдыздары азаматтардың құжаттарын қабылдап, ХҚО  қызметкерлерінің рөліне үлкен қызығушылық танытты.

Олар фронт-офиске келушілердің мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтарына жауап беріп, электронды кезек талонын ұсынып, ресепшндегі өтініштерді толтыруға көмектесті.

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының директоры Бахыт Басымбек атап өткендей, танымал азаматтар ХҚО мамандарының рөлін тамаша орындап шыққан. «Біздің жұлдыздарымыз керемет жұмыс жасады. Әрине, оларға біздің оператор қызметкерлеріміз белсенді түрде көмектесті, айтқандай- ақ, олар танымал тұлғалармен қуана-қуана жұмыс жасады. Ал бүгін бізге келген қызмет алушылар Азизхан Шекербеков, Біржан Жақыпов жəне басқа жұлдыздар қарсы алғанына таң қалып, олардан естелікке қолтаңба алды», — дейді Бахыт Басымбек.

Қазіргі таңда шымкенттіктер мемлекеттік қызметтерді 10 фронт-офистен ала алады. Биылғы жылдың 9 айында қаладағы ХҚО мамандары тұрғындарға 1 526 057  мемлекеттік қызмет көрсеткен.

266 рет оқылды
  • 4
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *