«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы Конституция күнін атап өтті

20 мыңнан астам мүшесі бар «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы 30 тамыз — Конституция күні мерекесін ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиынға партия филиалының басшылығы, партия жəне партияның Саяси бюро мүшелері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты жиында Конституцияның мемлекет құрылымындағы саяси маңызы туралы баяндамалар оқылды. Бұған қоса партияның бірқатар мүшелері марапатталды. Аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.

Нақты айтқанда «Нұр Отан» партиясы мен қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, партия филиалдарында іс тәжірибеден өтіп жатқан жас мамандар марапатталды. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов еңбегі еленген азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *