«Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалының кезекті XXX конференциясы өтті

Конференцияда төрт мәселе қаралды.
1. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Жалпы жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында республикалық, облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жыл бойы кезең-кезеңмен жұртшылықпен кездесулер өткізілетіндігі белгілі.
Бүгін осындай мақсатпен Елбасы Жолдауын насихаттауды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Махамбетов Мансұрхан Махамбетұлы арнайы келді.
2. Төлеби аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі баяндалды.
Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қансеитов Қуанышбек Үсібәліұлы баяндама жасады. 2017-2018 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті, баяндамаға «қанағаттанарлық» деген баға берілді.
3. Төлеби аудандық партия филиалының яғни, «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросының құрамы ұсынылған жоба бойынша қайта сайланды.
4. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті ХХХV конференциясына аудандық филиалдан 19 делегат сайланды.
Сонымен қатар, кездесуге облыстық мәслихаттың депутаты Төлтебаев Мұрат Шерімұлы,Төлеби аудандық мәслихат хатшысы – Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы, атқарушы және өкілетті билік өкілдері, мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және партия қызметкерлері қатысты.

35 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *