ШЫМКЕНТ: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ «БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

ҚР Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала жастарымен кездесуден соң «Белсенді өмір сүру» орталығына барып, ондағы қариялармен жүздесті, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандастарымыздың өмір сүру жасын ұзарту мен бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырмасы аясында ашылған орталықта қарияларға барлық мүмкіндік жасалған. Арнайы келіп, демалуға сенсорлық бөлмеден бастап, тренажор, тенниске дейін ұйымдастырылыпты. Бірақ, миллион тұрғыны бар мегаполиске бір ғана орталық аздық етеді, — деді Нұрлан Құдиярұлы.

Орталыққа келуші қарт кісілер осындай игілігі мол орталық ашып бергені үшін қала басшылығына алғыс айта отырып, бірқатар мәселелерді де алға тартты. Орталықтың ішінен бассейн ашылса, кір тасы мен зілтемір әкелінсе дегендей бірқатар ұсыныстарын да айтты.

Халық қалаулылары «Белсенді өмір сүру» орталығының үшінші қабатынан орын тепкен Болат Өтемұратов Қорының «Асыл Мирас» Аутизм Орталығына да бұрылып, тыныс-тіршілігімен танысты.