Н.БЕКНАЗАРОВ: МЕКТЕП АСХАНАСЫН БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАДАҒАЛУЫ ТИІС

ҚР Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы съезінде білім саласы және жергілікті халықпен тікелей қызмет атқаратын әкімдік қызметшілерінің жалақысын көтеру мәселелері бойынша ҚР Парламенті сенатының депутаттары Д.Сатыбалды және Н.Бекназаров Шымкенттегі Сәуле шағынауданындағы №129 мектептiң тыныс-тiршiлiгiмен танысты.

Шымкенттен сайланған сенат депутаттары білім ордасындағы қауiпсiздiк жүйелерi, асхана, кітапхана, спорт, мәжiлic залын аралап көрдi. Сондай-ақ, ағарту саласындағы маңызды проблемалар, мұғалiмдердiң жалақысы мәселелерiнен хабардар болды.

— Білім саласындағы жасалынып жатқан өзгерістермен реформалар білім деңгейін көтеруге бағытталған. Негізгі мақсат — қандай өзгеріс болса да білім сапасын жоғары ұстау қажет. Бұл мектептің асханасы жақсы екені көрініп тұр. Балалар еліміздің болашағы. Мектеп асханасын сіздер, яғни мектеп басшылығы қадағалау керек, — деді Нұрлан Құдиярұлы.

Мегаполисте үш ауысымдағы мектептер бары белгілі. Бұл жайлы Дархан Аменгелдіұлының пікірін білдік.

— Алдағы жылдары бұл мәселе толығымен жойылады деп есептеймін. Алайда, халық санының өсуіне байланысты бұл мәселе қайтадан пайда болады. Ол жақсы .., — деді Дархан Сатыбалды.

Кездесу соңында шымкенттік сенаторлар мектептің тілек дәптеріне өздерінің ыстық лебіздерін жазып, оқушыларға сабақтарын үздік оқуға шақырды.

468 рет оқылды
  • 124
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *