Мырзахметов әлеуметтік көмек беруге әзір 

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірдегі көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі бұл жиында мінберде емес, базынасы бар аналармен бетпе-бет жүздесті. Талап-тілектеріне құлақ салды.

Тиісінше көпті алаңдатқан көп балалы аналардың келеңсіздіктеріне биыл бюджет есебінен 30 миллиард теңге бөлінбек. Көптің күдігін сейілтіп, көңіліне жаққан жаңалықтың бірі — жатақханалардың салынуы болып отыр. Биыл аймақта тұрғын үй кезегінде яки көп балалы отбасыларға арналған 10 жатақхана бой көтереді. Оның 7-і Тараздан, 3 нысан Шу мен Қаратауда орналаспақ. Жамбылдық билік биыл осылайша жомарттық танытты. Өйткені аз қамтылған отбасындағы 29 мың оқушының ыстық асына 2 миллиард теңге бөлінеді. Мектеп формасына 500 миллион қаражат тағы қаралды. Бұдан бөлек, 23 мың оқушыға жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама үлестірілмек. Бұдан бөлек Асқар Исабекұлы арнайы көмек пен қолдаудың көп болатынын айтты.

 

фото: Асхат Әссанди

 

165 рет оқылды
  • 37
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *