«Мирас»  кеңесінің мүшелері бас қаланың атауын өзгертуды қолдайды

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық  филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Астана қаласының «Нұр-Сұлтан» деп аталуына толық қолдау білдірілді. 

Шараға «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері, Шымкент қаласы кітапханасының қызметкерлері, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, қалалық партия қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар «Жас Отан» ЖҚ өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Елбасы Н.Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатқан кейін, Президент Қ.К.Тоқаевтың астананың атауын өзгерту туралы ұсынысы қоғамда кең талқылануда.

«Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Момбек Әбдіәкімұлының айтуынша  Қазақстан астанасының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту еліміздің саяси даму жолындағы жағдайды көздейді.

-Астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру бастамасын еліміздің егемендігін алғаннан кейін үш жыл өтпей 1994 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған болатын. Бұл шешімнің нақты стартегиялық шешім екендігін уақыт өзі дәлелдеді, бүгінгі күні оған ешкімнің таласы жоқ, -деді қоғамдық кеңес төрағасы.

Момбек Әбдіәкімұлы 21 жылдың ішінде Астананың тұрғындарының саны 3 еседен аса өскенін, Елордамыздың ғылыми және мәдени әлеуеті өлшеусіз артқанын, өзіндік артхитектуралық стилі қалыптасқаны туралы атап айтты.

-Тәуелсіздік жылдары еліміздегі  барлық жетістіктер Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасымен стратегиялық тұрғыда жоспарланып, жүзеге асырылды. Осы ретте астананың атуын Нұр-Сұлтан деп өзгерту бір жағынан Елбасының еңбегіне лайықты құрмет көрсету болса, екінші жағынан Елбасы саяси бағытының сабақтастығының кепілі болып табылады, — деді жазушы, драматург Захардин Қыстаубайұлы.

Отырыс барысында «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ басшысы Айпар Амангелдиева, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Корей этномәдени бірлестігінің төрайымы, ардагер ұстаз Роза Пак ойларын ортаға салды.

Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың астананың атауын өзгерту туралы ұсынысы мерзімді және дұрыс шешім деп, қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының XVIII сьезінде қабылданған «Бақуатты қоғам: 10 жылдықтың он мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын халыққа түсіндіру мақсатында бағдарламаның мақсат-міндеттері талқыланды.

 

81 рет оқылды
  • 4
    Поделились