Мектеппен қоштасу кештері жалғасын табады ма?

25 мамырда өтетін мектеп бітірушілердің «Соңғы қоңырау» күніне орай құқық қорғау органдарының қызметкерлері ерекше тәртіппен жұмыс істейтін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ұйымдастырумен білім бөліміне қарасты мекемелердің басшыларының қатысуымен өткен мәжілісте айтылды. 2017-2018 оқу жылын аяқтауға қатысты басқосуға прокуратура, жергілікті полиция қызметкерлері және қаладағы мектеп басшылары түгел қатысты.

Басқосуда алдымен оқу жылының аяқталуына байланысты оқушылардың соңғы қоңырауға дайындығы пысықталып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Жылда 25 мамырдан кейін оқушылар қымбат көліктер жалдап, кафе-тойханаларда, тіпті қала сыртындағы саяжайларда «мерекені» атап өтуі дәстүрге айналып кеткені жасырын емес. Мұның соңы қайғылы оқиғаларға ұласып жататынын ескерген жауапты мамандар биыл кемшіліктерді болдырмау мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастыруда.

254 рет оқылды
  • 8
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.