«Мектепке жол» акциясы: әр оқушыға 15 мың теңге беріледі

Шымкент қаласындағы 130 білім беру мекемелерінде «Мектепке жол» акциясының басталғанына 20 күн. Осы уақыт аралығында 2 316 оқушыға демеушілер қол ұшын созып үлгерген. Бұдан бөлек қала бюджетінен 9 мың 272 әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балаларына мектепке қажеттіліктері үшін қаржы беріледі, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Сала мамандарының айтуынша, әр оқушыға берілетін 15 мың теңге олардың құрал саймандарына, киімдеріне жұмсалуы тиіс. Бір реттік көмек ата-ананың есеп шотына аударылады.

Қалалық білім басқармасының есебінде 14 мыңнан аса әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы бар. Яғни, көмекке мұқтаждар саны әлі көп. Сондықтан да дәл осы «Мектепке жол» акциясы жалғасын табады. Ал мектеп асханасын жалға алушылардың өздері оқушыларға бір күндік ыстық тамақты тегін беруге келісіп отыр. Қыркүйек айында және 4 мыңға жуық оқушыға демеушілер көмектеседі деген жоспар бар.

 

114 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *