Мегаполисте «Аманат» азаматтық платформасы семинар-тренинг өткізді

Бүгін «Аманат» сайлауды бақылау жөніндегі азаматтық платформасының семинар-тренингін Азаматтық платформаның жетекшісі Мусағали Дуамбеков, штаб жетекшісі Лима Диас, Ербол Дайрашұлы, Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» штабының төрайымы Зәуре Оралбаевалар жүргізді. Семинар-тренингте сайлауышлардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сондай-ақ, сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі ұлттық қоғамдық платформасы аясында тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг ұйымдастырылды. Жиын барысында қоғамдық ұйымның бағыты, мақсаттары мен міндеттері түсіндіріледі.

«Жалпы бұл жалғыз бізге керекті шаруа емес, жалпы халыққа мысалы Шымкент жерінде болса Сіздерге қажетті дүние. Себебі сайлау деген бұл зайырлы мемлекеттің тарихында, өмірінде ең бір маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан Сіздер өздеріңіздің Конституциялық құқықтарыңызды пайдаланып, өздеріңіздің дауыстарыңызды беріп, мемлекеттің Президентін сайлауға ат салысуларыңыз керек,» — деді Азаматтық платформаның жетекшісі Мусағали Дуамбеков.

Тренингтің мақсаты – сайлау туралы құқықтық талаптарға сәйкес ақпарат беру, сайлаушылар мен бақылаушылардың міндеттерін құқықтық негізде түсіндіру, жергілікті сайлау комиссиясымен өзара бірлескен іс-қимылдар жасауға үйрету болып табылады. ОСК, кандидаттың сайлау штаб-пәтері және өзге де сайлауға қатысты аймақтарда заң бұзу фактілері тіркелсе, онда бірден қандай әрекеттер жасау керектігі туралы кеңестер беріледі.

ERNUR.KZ

92 рет оқылды