Мегаполисте 30-ға жуық жуық кәсіпорын және заманауи көтерме сауда орталығы ашылады

Шымкенттегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 25,3 млрд. теңгеге жетіп, өсім 100,3 пайызды құрады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесуінде айтылды.

— «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 100-ден астам кәсіпкерге 1,4 млрд. теңге субсидия бөлінді. 
115 гектар жерге интенсивті баулар отырғызылды, 9 гектар жерге жылыжайлар салынып, олардың жалпы көлемі 168 гектарға жетті. Алынған өнім көлемі 15 мың тоннаны құрады. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 47 мал бордақылау алаңдары, 36 жанұялық сүт фермалары ашылды,-деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Шаһар басшысының айтуынша, «Сыбаға» бағдарламасымен 123 бас аналық, «Алтын асық» бағдарламасымен 518 бас уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 110 бас жылқы алынған. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін 136 гектар жер бөлініп, Агро-Индустриялық аймақ құруды басталды. Осы аймақта ауыл шарушылық өнімін өңдейтін 30-ға жуық кәсіпорын және заманауи көтерме сауда орталығы ашылады деп күтілуде.

102 рет оқылды
  • 13
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *