Марсело: «Неймар бір күні «Реалға» ауысады»

Бразилиялық отандасымен бір клубта ойнайтынына сенімді.

«Реалдың» қорғаушысы Марсело, «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Неймардың өз клубына ауысқанын қалайды.

«Неймар мықты ойыншы. Ол сияқты футболшылар корольдік клубта ойнауы керек. Бір күні ол «Реал» сапында болады», — деді Марсело.

• Еске сала кетейік.

15 ақпан күні сағат 01.45-те чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойынында, «Реал Мадрид» өз алаңында «ПСЖ-ны» қабылдайды.

Букмекерлік компаниялар қос кездесудің нəтижесі бойынша, келесі айналымға «ПСЖ» өтеді деген болжам жасап отыр.

307 рет оқылды
  • 8
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.