Маңғыстаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандар марапатталды

👁‍🗨  

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші
орынбасары Әлихан Қыраубаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандарды марапаттады. Атап айтқанда, 2019 жылдың қорытындысы бойынша:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын;

— «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын;

«Нұр-Капитал» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың өңірлік бағдарламасын;

2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі жол картасын жүзеге асыруға үлес қосқан қаржы институттарының, екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жергілікті өндірушілердің және сауда объектілерінің өкілдеріне облыс әкімі С. Трұмовтың атынан алғыс хаттар тапсырды.