Мәжіліс депутаттары Шымкентте

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері келесі кезекте «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастама шеңберінде Нұртас шағынауданында орналасқан «СыдықовТ.К.» жылыжай кәсіпорнының  болды. Кәсіпорынның иесі Талғат Сыдықов мемлекеттік қаржылай көмек есебінен төмен пайыздық несие түрінде 5 миллион теңге көлемінде өз бизнесінің өндірістік қуаттарын кеңейте алды.

Күннің екінші жартысында делегация мүшелері Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер палатасының директоры мен өзге де өңірдегі белсенді кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру қарқыны талқыланды, сонымен қатар микрокредиттің кеңеюіне, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға және Шымкентте өнімді жұмысқа орналасуға ерекше назар аударылды.

Осы тақырып республикалық қоғамдық кеңестің мүшелерімен қалалық әкімдіктің ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылауға арналған жұмыс кездесуінде ерекше талқылау тақырыбы болды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай қатысты.

Жергілікті мемлекеттік органдарының жауапты өкілдерімен және кәсіпкерлермен бірлескен кездесу барысында Елбасының өзге де бастамалынын жүзеге асырудың серпіні мен перспективалары, оларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар қаралды.

– Аймақтарға жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға жан-жақты талдау жасалатын болады, оның қорытындылары Үкіметке ұсынылып, Елбасына есеп беріледі, – деді республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *