Мұнайдың бағасы көтерілді

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы қымбаттады.

Сауда-саттық нәтижесінде, шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,11 долларға көтеріліп, баррелі 78,23 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,26 долларға қымбаттап, баррелі 70,96 долларға жетті.

Дерек көзі: inform.kz

74 рет оқылды
  • 5
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.