МӘДЕНИЕТТІҢ ІРГЕТАСЫ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛУЫ КЕРЕК

👁‍🗨  

Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездескен ҚР Президентінің көмекшісі  – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде қоғамдық кеңестің рөлі ерекше екенін айтты. Кездесуде Аида Ғалымқызына Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай өз ұсынысын жеткізді.

«Мәдениетсіз білімді адам ең қауіпті. Ақылды адам білімді болып мәдениеті төмен болса одан жақсылық күту бекер. Соңғы кезде жастарға ізет, үлкенде құрмет, салт- дәстүр артта қалып барады. Бізде мәдениет және спорт министрлігі бар. Ол министірлік мәдени білім бермейді. Онда мәдениетке қатысы бар мекелер бар. Мысалы филармония, кітапхана, цирк, театр тағы басқа. Ол мекемелерге мәдениеті қалыптасқан адамдар барады. Ал адамға ең алғашқы білім беретін ол мектеп. Мәдениет сол жақтан қалыптасады. Себебі бала уақытының көп бөлігін мектепке өткізеді. Демек сол жердегі мәдениетті көріп өседі деген сөз. Біздегі мектептерде мәдиниетке үйретіп жатқаны шамалы. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтатыны бар емес пе? Тәрбие мен мәдениетті бір ұғым деуге болады. Қазіргі таңда балабақшаларда, мектептерде тәрбиеге мен мәдениетке жете көңіл бөлулері аса қажет. Мәдениет және спорт министрлігі өзі бөлек бола берсін. Бірақ білім, ғылым және мәдениетті дамыту министрілі болып өзгеруі керек. Мәдениетті дамыту тәрбиені жоғары деңгейге жеткізеді. Білім, ғылым және мәдениетті дамыту министрлігі болып қалыптасқан соң білім саласында мәдениетке үйрету бағдарламасы пайда болады», — деді Нұрғазы Бақтыбайұлы.

Ұсынысқа Аида Ғалымқызы қолдау білдіріп, ең бастысы, білім сапасы жақсармай, мәдениет қалыптаспай қоғам дамымайды, — деді Аида Балаева.