Әлемді әбігерге түсірген ауыр індеттің бетін қайтару үшін әркім өз деңгейінде үлесін қосуда

ҚАСЫМХАН БЕГМАН – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Әлемді әбігерге түсірген ауыр індеттің бетін қайтару үшін әркім өз деңгейінде үлесін қосуда. Бірі жұртты сабырға шақырып, бірі қаржылай көмегін көрсетіп, бірі халықтың материалдық қажеттілігін өтеуге күш салуда. Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз жанашырлығын танытып, жалпақ жұртқа үндеу тастады. Кәсіпкерлер мен елдің әрбір азаматы шама-шарқынша қаржылай көмек көрсету керектігін айтты. Арнайы қор құрып, онда жиналған қаражат осы індеттің алдын-алуға бағытталуы тиіс екендігін баса айтты. Бұл үндеуге Түркістанның барлық қалталы кәсіпкерлері қолдау білдіріп, құрылған қорға қомақты қаржылар аудара бастады. Тіпті, қоғамның әр саласында қызмет етіп жатқан қарапайым қызметкерлердің өзі бір күндік жалақыларын аударып, мәрттік танытуда. Міне, бұл індеттен құтылудың ең төте жолы. Бұл-біздің бабадан келе жатқан, қанымызда бар қасиетіміз. Осындай бірлігі бекем елде індеттің де ұзақ уақыт тұрақтамайтындығына сенім білдірейік. Әр отандасымызды өзіміздей көріп, жанашырлық танытуға атсалысайық, ағайын!